Түркістан облысының Келес ауданында таксилер жедел жәрдем қызметін атқарып жүр. Жергілікті таксопарк осындай қайырымды істі қолға алған. Енді 20 шақты такси көлігі медицина мамандарының "құзырында". Олар дәрігерлерді науқастардың үйіне тегін тасып жүр.