Министрлік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін тексереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министрлік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін тексереді

09.07.2020
Министрлік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін тексереді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметі тыңғылықты зерделенеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

«Жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізіліп, одан кейін Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады. Жалақыға немесе қордың өзінің жұмысына қатысты айтар болсам, біз жұмысқа кірістік. Қазір барлығын зерделеп, материалдарды көтереміз. Қаржылық көрсеткіштерін, қор қызметін, стратегиялық бағыттарын зерделейміз», - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар министр бұл мәселенің таяу уақыттың тыңғылықты зерделенетіндігін баса айтты. 

«Әріптестеріміздің барлығы тәулік бойы режимде жұмыс істеп жатыр. 3-4 сағат қана ұйықтаймыз. Бүгінгі күндегі негізгі мақсатымыз - дәрі-дәрмек жеткізу, желілерді қамтамасыз ету. Дегенмен, қор жұмысын да зерделеп бақылауға аламыз», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу