Алматы облысында жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Биыл өңірге 109 млрд. теңге бөлініп, мыңға тарта жоба қолға алынды. Нысандардың алды қолданысқа беріліп те жатыр. Мәселен, Текелі моноқаласында Елорда күніне орай Ту тұғыры қойылып, жаңа спорт алаңдары ашылды.
Қуаныш Қанатұлы