Дәрігер жетпейді деп, үйде өз бетіңізше емделудің қажеті жоқ. Антибиотик пен антибактериялды дәрілерді шектен тыс көп ішуге болмайды. Мамандардың сөзінше соңғы уақытта аз симптомды және симптомсыз науқастар осындай дәрі-дәрмекті көп қолдана бастаған. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы Раушан Қарабаева мәлімдеп, вирусқа қарсы дәрілердің пайдасымен қатар, зияны да бар екенін ескертті.