АҚШ келер жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ келер жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын мәлімдеді

08.07.2020
АҚШ келер жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын мәлімдеді

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрамынан шығады. Құрама штаттар бұл туралы ДДСҰ жарғысының депозитарийі саналатын - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті хабардар еткен. Шешім 2021 жылы 6 шілдеде күшіне енуі тиіс.

Ақпаратты БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик растады. Құрама Штаттары 1948 жылдың 21 маусымынан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрамында. 

Әлем елдері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына белгілі бір шартпен қабылданады. Ұйым құрамынан шығуға ниетті мемлекет бұл қадамы туралы бір жыл бұрын хабардар етуге тиіс. Сондай-ақ ДДҰ алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін толық өтеуге міндетті. 

Ал БҰҰ Бас хатшысы ДДҰ Жарғысының депозитарийі ретінде ол мемлекеттің Ұйымнан шығуы үшін барлық шарттардың сақталған-сақталмағанын тексереді.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу