Өңірлерде дәрігерлер мен дәрі жетіспеушілігі айқын сезіліп тұр. Бұл туралы бірнеше облыс әкімі брифинг барысында айтты. Мәселен, Қызылордада үш айға жететін антибиотик қоры бір аптада сатылып кеткен. Бүгінде дәрі жеткізуші компаниялармен келісім жасалып, алғашқы легі дәріханаларға таратыла бастады. Препараттарды жаппай сатып алып, жасанды тапшылық тудырғандар да анықталуда.
Оңғар Алпысбайұлы