Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, қазір қалада 4 232 орынға арналған 19 стационар жұмыс істеп тұр. 1-шгі қыркүйекке дейін төсек-орын санын 6 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы өңірде 6200-ден астам науқас тіркелген. 2 500 жуық адам аурудан айыққан. Күнделікті өсім 1,1 процент. Сонымен қатар, шаһар басшысы қауіпті инфекцияны дер кезінде диагностикалау ауқымын кеңейту үшін қосымша екі зертхана ашылғанын жеткізді.
Қуан Нұрақын