Көкшетауда дәрілік препараттардың заңсыз сатылғаны анықталды. Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді заңсыз баға қосып сатқандарды анықтап, жауапқа тарту туралы тапсырмасына орай ақмолалық полицейлер жедел алдын алу шарасын бастады. 6 шілдеде полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының 42 тұрғынының дәрілік препаттарды баға қосып сатып жатқандығын анықтады. Олардың арасында өз үйінен дәріхана ашып, түнгі уақытта препараттарды сатумен айналысқан ер адам бар. Жедел алдын алу шарасы кезінде кәсіпкер ұсталып, оның заңға қайшы қызметі әшкерленді», - делінген ақпаратта.
Ұсталған адамның үйін тінту кезінде 30 қорап Ибуфен, 10 қорап Асперин және 10 қорап Парацетамол тәркіленді. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу шаралары жалғасуда.