Цифрлық технологияларды қолданып жылқы бағады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық технологияларды қолданып жылқы бағады

05.07.2020

Саян Баетов есімді жігіт Алматыда табысты өмір сүріп жүріп, Батыс Қазақстан облысындағы ауылына қайтып оралған. Жоқ, бірден емес, әуелі Оралда интернет-дүкен ашқан. Ол бизнесті де жап-жақсы ұйымдастырған. Сосын әке-шешесінің дөңгелетіп әкете алмаған шаруашылығын қолға алған. Қазір облыс орталығы Орал қаласынан 600 шақырым жерде тұратын ол, цифрлық технологияларды қолданып, күн сәулесінен электр энергиясын алып, тәп-тәуір тіршілік етеді. Мысалы, датчиктердің арқасында малы да жоғалмайды... 

Хабарламаларға жазылу