Өкпе қабынуының өршуі себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өкпе қабынуының өршуі себебі неде?

05.07.2020
«Тек өзіңе сен», деген сөз дәл келіп тұрған уақыт. Істелуі тиістің істелмей немесе қате істеліп жатқаны бір әңгіме. Әркім өз жауапкершілігін барынша ұғатын, соған сәйкес қимылдайтын шақ. Ашу-ызаға күш жоғалтқаннан пайда жоқ. Одан вирус айналып кетпейді. Екінші жағынан, бүгінге дейін той-томалақ, құдалық, сырға салуға үлгеріп қалуға тырысқандар, жаназаға мыңдап адамның жиылуына жол бергендер мен оған жиылушыларға келсек... Бұл әрекеттердің бір-біріміздің алдымыздағы, қоғам алдындағы жауапкершілікке барып тірелетінін ғана айтқымыз келеді. Соны түсінетіндердің көптігі дәл осы жағдайда мәселені шешпейді. Ал бәрінің түсінуі мүмкін бе?

Хабарламаларға жазылу