Қостанайдағы провизорлық станционарға кезекшілікке келген дәрігерлер жұмыс орындарын тастап кетіп қалған. Себебі, мамандарға берілген медициналық қорғаныш заттары талапқа сай емес. Дәрігерлердің айтуынша, оларға бұрын қолданылған ескі костюмдерді берген. Тіпті кейбіреулері скотчпен жабыстырылған. Арнайы масканың орынына, мәрліден тігілген бетперде тағуға мәжбүр болған.