Президент Н.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рəсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Н.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рəсіміне қатысты

03.07.2020

Бүгін Ұлттық қорғаныс университетінде Тұңғыш Президент – Елбасыға арналған монумент ашылды. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы онлайн режимде қатысты. Салтанатты жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев монументтің Ұлттық қорғаныс университетінде орнатылуының символдық мәніне тоқталды. 

«Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы.Тәуелсіздік алған сәттен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әскери әлеуетімізді қалыптастыру барысында ең күрделі деген мәселелерді шешуге өзі тікелей араласты», - деді Президент. 

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу