Осы жексенбіден бастап елімізде карантин күшейтіледі. Мемлекеттік комиссия шешімі бойынша карантин талаптарын бұзғандар айыппұл төлейді.
5 шілдеден бастап сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар мен аквапарктер, мәдениет нысандары, ойын-сауық орталықтары және мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы тоқтайды. Тек кезекші топтар қалады.
Ақерке Берікбекқызы