Мақтарал ауданында тасқын салдарынан баспанасыз қалған отбасылар үшін салынып жатқан үйлердің 200-нің құрылысы аяқталуға жақын. Мырзакент ауылындағы құрылысқа 31 мердігер компания, бір жарым мыңдай адам жұмылдырылған. Тұрғын үй құрылысымен қатар табиғи газ, электр желілері, ауыз су және кәріз жүйелері тартылды. 13 шақырымдай жол салына бастады. Ал «Өргебас» ауылында 130 баспананың іргетасы құйылған. 34-нің қабырғасы қаланып, тағы 5 үйдің шатыры жабылды. 188 отбасы құрылыс жұмыстары үшін мемлекеттен бөлінген 17 миллион теңгенің жартысын алып үлгерген.
Ғани Қалмаханов