Қазақстан қалалары арасында блокпостар қойылмайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді.
«Қалааралық жолаушылар автобусы қайта тоқтайды. Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Қалалар мен өңірлер арасында блокпостар орнатылмайды», - деді ол.