Әуеден вирус себілетінін айтып, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды. Ол 1973 жылы туған, Отырар ауданының тұрғыны болып шықты.
Бұл әйел «Сарыағашта вирус себеледі, балаларды далаға шығармаңдар» деген сарында аудио жазып, оны WhatsApp желісіндегі бірнеше топқа жіберген. Дәлел-дәйексіз, дақпырт таратып, елді дүрліктіргендер Қылмыстық кодектің 274 бабы бойынша жауапқа тартылатынан айтады құзырлы орган.
Гүлжазира ҒАЛИ