Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 1200-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 1200-ден асты

01.07.2020

Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1200-ден асты. Олардың жартысынан астамы ауру белгілері жоқ науқастар. Індетке іліккендер күн сайын көбейіп жатыр. Бүгін тағы 92 адамның қауіпті дертке шалдыққаны анықталды.

Прозиворлық орталықтарда жатқандар да аз емес. Ауруханалар мен емханалардың жанынан ашылған стационарларда 600-ден астам сырқат емделуде. Облыста бүгін 55 науқас аурудан айығып шықты. Осылайша, жазылғандардың жалпы саны 255-ке жетті.

Ақмола облысында соңғы екі аптада қатерлі кеселді жұқтырғандар күрт көбейді. Сондықтан қосымша орындар ашылды. Қазір аймақта бөлімшелердің барлық түрін қоса алғанда 2 мың науқасты орналастыруға мүмкіндік бар.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу