Елімізде дәрі тапшылығы мәселесі реттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде дәрі тапшылығы мәселесі реттеледі

01.07.2020

Ал енді соңғы күндері дүйім жұртты дүрліктірген дәрі-дірмек тапшылығы тақырыбына ойыссақ. Бүгін елорда, Алматы және Қарағанды қалаларындағы дәріханаларына дене қызуын түсіруге арналған дәрілері жеткізілді. Ал басқа қалалалар бұл препараттармен апта соңына дейін қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді. Осылайша, дәрі тапшылығы мәселесі реттелмек. Алайда, бір адамның дәрі-дәрмекті шамадан тыс көп сатып алуына тыйым салынады.

«Бас санитардың қаулысына сәйкес, қазақстандықтар жұмысқа шығу үшін ПЦР тест тапсыруы шарт деген талап жоқ дейді»,- вице-министр.

Пандемия кезінде вирус жұқтырған 1000-нан астам жүкті әйел аман есен босанды. 21 нәрестенің іштен вирусқа шалдығып туғаны анықталған. Қазір барлығының жағдайы жақсы. Вице министр жерлеу рәсіміне қатысты да пікірін білдірді. «Енді вирус жұқтырып қайтыс болғандардың жаназасында адам саны шектеулі болып, санитарлық нормалар сақталуы қажет. Қазір ауруханалар лық толы болғандықтан, үйде емделушілер учаскелік дәрігермен аудио видео байланыс орнатып, маманның нұсқауын орындауы керек. Өз бетімен емделу өміріңізге қауіпті екенін естен шығармаңыздар»,- дейді вице-министр.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу