Анкара кәсіпкерлері Нұр-Сұлтан қаласына гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкара кәсіпкерлері Нұр-Сұлтан қаласына гуманитарлық көмек жіберді

30.06.2020

Анкара кәсіпкерлері Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек жіберді. Жалпы салмағы 1360 келі болатын жүктің ішінде 100 мың дана бір реттік медициналық маска, 2000 медициналық қорғаныш киім мен арнайы көзілдіріктер және медициналық бетперде бар. Нұр-Сұлтан қаласында ірі сауда-ойын-сауық кешенін салуды жоспарлап отырған инвестор осындай қиын кезеңде бауырлас қаланың медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету борышымыз деп отыр. Түркиядағы Қазақстан елшілігінің мұрындық болуымен бұған дейін де Түрік елінің бірнеше ірі компаниясы елімізге гуманитарлық көмек жіберген болатын.

Айдос ӘШІМҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу