Кәсібін жаңадан бастаған қызылордалық жастарға 10 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсібін жаңадан бастаған қызылордалық жастарға 10 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі

02.04.2019

Алғашқы болып 10 жас кәсіпкер жылдық өсімі 6 пайызбен 59 миллион теңгенің несие сертификатын алды. Өңірде бизнеске бет бұрған жастардың саны артып келеді. Былтыр нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында іс бастағандардың 75 процентін жастар құрайды. Соның бірі - Толғанай Жұмабекқызы. Өзі студент болса да, ауылда кәсібін бастап, дамытып жүр.

Толғанай Жұмабекқызы, кәсіпкер:

- Маған 10 миллион теңге несие беріп отыр. Мен 10 миллион теңгемен жылыжай және мал бордақылау алаңын ашып жатырмын.

Абзал Мұхимов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы:

- Мемлекеттік бағдарламалар бар, салалық бағдарламалар бар. Қаржылық институттар бар. Өкінішке қарай, оны жастардың бәрі біле бермейді.

 Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу