Еуроодақ қай елдің азаматтары келе алатынын жариялады: тізімде Қазақстан жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақ қай елдің азаматтары келе алатынын жариялады: тізімде Қазақстан жоқ

30.06.2020
Еуроодақ қай елдің азаматтары келе алатынын жариялады: тізімде Қазақстан жоқ

Еуроодақ елдерінің өкілдері 1 шілдеден бастап одақтас елдер аймағына қандай мемлекеттердің азаматтары кіре алатынын айтты. АҚШ, Қытай, Ресей, Бразилия секілді эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрған мемлекеттердің азаматтарына рұқсат жоқ. Мұндай елдер қатарында Қазақстан да бар.

Ал Еурокомиссия рұқсат берген тізімде тек 14 мемлекет бар. Олар: Алжир, Австралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис және Уругвай. Мамандар бұл тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін дейді. Олардың айтуынша, елдердегі эпидемиологиялық ахуал әрбір 2 апта сайын бақыланып тұратын болады. Соған қарап кімге рұқсат беріліп немесе алынып тасталатыны шешіледі.

Қазіргі таңда әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан, ал індеттен көз жұмғандар 500 мыңнан асып отыр.

BBC


Хабарламаларға жазылу