Шымкентте 171 талапкер Ұлттыќ бірыңғай тестілеуге жіберілмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 171 талапкер Ұлттыќ бірыңғай тестілеуге жіберілмеді

29.06.2020

Олар тексерушілерге байқатпай телефон, шпаргалка секілді көмекші құралдарды өздерімен бірге алып өтпек болған. Сондай-ақ қалалық білім басқармасы 51 мектеп түлегінің тест қорытындысы жойылатынын мәлімдеді. Осылайша 222 бала мемлекеттік оқу грантына ие болу мүмкіндігінен айырылды. Енді олар тамыз айында өтетін кешенді тестілуге қатысып, оқу орындарында тек ақылы негізде білім алуына болады. Жалпы биыл Шымкент қаласы бойынша 8 мың 885 шәкірт мектеп бітірген. Оның 8 мың 570-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу