Қостанай облысына 13 жасанды тыныстандыру аппараты жеткізілді

29.06.2020

Олар қазір аймақтағы түрлі медицина мекемелеріне орнатылып жатыр. Жалпы мамыр айынан бастап аймаққа осындай құрылғының 21 данасы әкелінген. Олардың екеуі демеушілер көмегімен, қалғаны бюджет қаржысына сатып алынды. Мұның сыртында Үкімет қорынан тағы 15, 5 млн теңге бөлінді. Бўл қаржы жедел жәрдем қызметіне қажетті 25 жасанды дем беру аппаратын алуға жұмсалады. Медицина мамандарының айтуынша облыста барлығы 300 жасанды дем беру аппараты бар. Ал аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 500-ге жуықтаған.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу