Маңғыстауда соңғы бір тәулікте пневмониядан 19 адам қайтыс болды

29.06.2020

Пандемия басталғалы осы жұқпалы аурудан 74 науқас ал, коронавирустан 7 адам көз жұмған. Қазір өңірде өкпесі қабынған 800-ге жуық адам ем алуда. Оның – 144-і - соңғы тәулікте түскендер. 71 науқастың жағдайы ауыр. Реаниматолог дәрігерлер мен медбикелер және санитарлар жетпейді. Ақтаудағы теннис орталығы 150 төсектік провизорлық стационар етіп жасақталды.

Аягөз Оралбай

Хабарламаларға жазылу