Қазақстан коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарында

26.06.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына енгізді. Ұйымға қарасты Еуропалық өңірлік бюро директоры Ханс Клюгенің мәліметінше, коронавирус әлемнің бірқатар елдерінде қайта өршіп, жаңа кезеңі басталып жатыр. Әсіресе, соңғы екі аптада әлемнің 30 елінде науқастар саны артқан. Оның он бірінде вирус өте жылдам тарап жатыр. Тізімде елімізден өзге Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзербайджан, Албания, Босния, Герцеговина, Қырғызстан, Украйна және Косово елдері бар. Бюро директоры, мұны тез арада бақылауға алмаса, халық денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу