Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында карантин талаптары күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында карантин талаптары күшейтіледі

25.06.2020

Солтүстік Қазақстан облысындағы 5 аудан карантинге жабылып, блокбекеттер қойылды. Бұл аудандарға кіріп-шығу шектелген. Маңғыстау облысының Жағаөзен қаласы мен Қарақия ауданында да талап күшейді.

Солтүстік Қазақстанда соңғы 3 тәулікте науқастар саны 46 пайызға өскен. Осыған орай, алдағы демалыс күндері шектеулер енгізіледі.

Маңғыстауда Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданында бүгіннен бастап карантин қайта күшейтілді. Себебі, ауыл аймақта коронавирустық инфекцияның таралуы жоғары. Карантин 13-шілдеге дейін жалғасады.

Ақтөбе қаласында да карантин тәртібі күшейеді. 26 маусым, сағат 22:00-ден бастап 29-ыншы маусым, 12:00-ге дейін сауда, ойын-сауық орталықтары, барлық базарлар, супермаркеттер, мейрамхана мен дәмханалардың жұмысы тоқтайды.

Орал қаласында сенбі, жексенбі күндері жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Қалада қоғамдық көлік пен барлық базаралар, сауда орталықтары жұмысын тоқтатады.

Сағындық МАУҒАЗИН


Хабарламаларға жазылу