Бүгін Сенаттың кезекті отырысы өтті, Палатаның өткен сессиядағы жұмысы қорытындыланды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел игілігі үшін бірқатар маңызды заңдар қабылданғанын айтты. Мәселен, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, аудиторлық қызмет мәселелері және ауылдық жерлерді интернетпен қамту секілді құжаттар ел игілігіне қызмет етері сөзсіз». Сондай-ақ, Сенат төрағасы: «Осы кезеңде әлеммен бірге жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Президенттің басшылығымен ел экономикасын қалпына келтіруге, халықтың әл-ауқатын түзетуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда»,-деді. Нәтижелі жұмысы үшін депутаттарға алғысын білдірді.
Нысаналы ЫҒЫЛ