Қазақстанда карантин кезінде отбасылық зорлық-зомбылық 20 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда карантин кезінде отбасылық зорлық-зомбылық 20 пайызға өскен

24.06.2020

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі айтты. Аида Балаева бүгін осы мәселені Үкіметтік емес ұйым және құзырлы мемлекеттік мекеме өкілдерімен талқылады. Министрдің айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылықтан әйелдер ғана емес балалар да айтарлықтай зардап шегуде. Сондықтан, осынау қоғамдық проблемаға бейжай қарамауға шақырды. Үкіметтік емес ұйымдарды, сарапшыларды, кәсіби психологтарды, қолдау топтары және өзгенің отбасылық бақытына бей-жай қарамайтын барша адам күш салу керектігін жеткізді. Тіпті, дағдарыс орталықтарының қызметін қайта қарап, олардың жұмыс регламентін күшейту керектігін түсіндірді. Алдағы уақытта, министрліктің бастамасымен осындай өзекті мәселелер онлайн режимде апта сайын талқыланбақ.  

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу