Коронавирусқа қарсы тестті тек ауру белгілері бар адамдар тапсыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы тестті тек ауру белгілері бар адамдар тапсыру керек

23.06.2020

Коронавирусқа қарсы тестті тек клиникалық немесе эпидемиологиялық көрсеткіші бар адамдар тапсыру керек. Бұған дейін айтқанымыздай, дене қызуы, әлсіздік буын қақсау, жөтел, бас ауру, дәм иіс сезбеу белгілері байқалса, дәрігерлер кеңесіне жүгініп, анализ тапсыруға болады. Ал себепсіз лабороторияға жүгіре берудің қажеті жоқ. Еліміздің бас санитары жаппай тексеруден өтуді талап етіп жатқан жұмыс берушілерге ескерту жасады.  

Симптомсыз науқастар саны қазір он мыңнан асты. Олар он төрт күн үй карантинінде болу керек. Дәрігер шақырып, сол маманнның нұсқауын орындауы тиіс. Бөлмесін желдетіп, маска тағып, ыдыс, орамалдар сияқты заттарын жеке өзі қолдану қажет. Егер осы талапты сақтамай, көше кезіп жүрсе, әкімшілік жаза, ал егер өзгелерге жұқтыру дерегі тіркелсе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ақпараттық технологияның арқасында оларды бақылауға мүмкіндігіміз бар дейді, мамандар. Науқастардың 37 пайызы бір бірімен байланыста болғандар. Бұл санитарлық талапты сақтамағанның салдары. Масканы иекке емес, ауыз мұрынды тұмшалап тағу керек. Және арақашықтықты сақтау керек, дейді мамандар.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу