Қостанай облысында короновирустан тағы бір адам көз жұмды. Ол 71 жастағы Жанкелді ауданының тұрғыны. Қария ауру белгілері білінерден 10 күн бұрын жаназаға қатысып, адамдар көп жиналған жерде болған. Ал бір апта бұрын үйіне Нұр-Сұлтан қаласынан қонақтар келіпті. Яғни, дертті осы екі жағдайдың бірінде жұқтыруы мүмкін. Сөйтіп Қостанай облысында вирустан көз жұмғандар саны 3 адамға жетті. Ал елордада бір тәулік ішінде 6 бірдей адам вирустың құрбаны болды. 45 пен 64 жас аралығындағы 4 ер адам мен 53 және 69 жастағы екі әйел індеттің ілмегіне ілінді. Жалпы осы уақытқа дейін еліміз бойынша ковид-19-дан 127 адам көз жұмды. Бұдан бөлек денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 54 марқұмды ресми статистикаға қоспаған. Министрлік олардың өліміне коронавирус емес, басқа аурулары себеп болғанын айтады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ