Президент тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады

23.06.2020

Бүгін – Полиция күні. Тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Президент оларды батыл әрі өз қызметіне адал болуға шақырды. Өз Twitter парақшасында: «Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін», - деді ол.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу