«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындауда «Nur Otan» партиясы да белсенді. Саяси ұйымға жыл басынан бері өңірлерден 200 мыңға жуық өтініш түскен. Соның 96% оң шешімін тапты. Жұртшылықтың базынасы қоғамдық қабылдаудан бөлек, Whatsаpp, Facebook және Instagram желісі арқылы да тыңдалуда. Бүгін Партия Төрағасының бірінші орынбасары ақмолалықтармен онлайн байланысқа шықты. Зеренді ауылының дәрігері Бауыржан Байбекке баспана мен басқа да өздерін толғандырған мәселелерін айтты.
Нысаналы ЫҒЫЛ