Ұлттық бірыңғай тестілеуге ұялы телефон және шпаргалка алып өтпек болған шымкенттік 86 оқушы сынаққа жіберілмеді. Олардың 11-і тексерушілер мен тінту құралдарының өзіне байқатпай аудиторияға еніп кеткен жерінен қолға түсті. Тестілеудің алғашқы күнінде осындай талаптарды бұзған 53 оқушы анықталса, бүгін тағы 33 талапкер сынақтан шығарылды. Ал биыл қолданысқа енгізілген арнайы жүйенің арқасында талапкердің орнына өзге адамның кіру фактісі тіркелген жоқ.
Ал, ҰБТ-да Түркістан облысы бойынша кеше ең жоғары балды Ордабасы ауданы Теспе орта мектебінің түлегі жинаған. Абзал Әбдіманап есімді талапкер тестілеудегі 140 сұрақтың 138-не дұрыс жауап берген. Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша 25 тамызға дейін арнайы бағдарламаның көмегімен барлық бейнежазбаға талдау жүргізіледі. «Оның ішінде Абаз Әбдіманаптың да жазабалары толық қайта қаралады. Егер тест тапсырушының тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда нәтижесі есепке алынбайды және оқу грантына ие бола алмайды.
Ғани ҚАЛМАХАН