Түркістанда адамдар пневмониядан қайтыс болып жатқандығы туралы ақпарат жалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда адамдар пневмониядан қайтыс болып жатқандығы туралы ақпарат жалған

22.06.2020

Түркістанда да өкпесі қабынып ауруханаға түсіп жатқандар көп. Дегенмен,  «Пневмониядан күніне 10-15 адам өліп жатыр, ауруханада орын жоқ» деген әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұны жоққа шығарды. «Қазір Түркістан орталық ауруханасында 600-дей адам осы диагнозбен тіркелген. Дегенмен, оның жартысына жуығы жазылып шықты. Ауруханада қосымша 220 орын әзірленген. 54 дәрігер, 109 орта буын, 59 кіші буын медицина қызметкерлері науқастарды күні-түні емдеп жатыр. Қайтыс болғандардың бәрі пневмониядан кеткен жоқ»,- дейді олар.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу