Республикалық бюджеттен бөлінген 427 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық бюджеттен бөлінген 427 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған

22.06.2020

Бұл туралы өткен жылдың бюджеті талқыланған парламент палаталардың бірлескен отырысында айтылды. Бүгін Парламент Үкімет пен Есеп комитетінің 2019 жылғы бюджет туралы есебін мақұлдады. Жалпы, былтыр экономикалық өсім жаман болмаған. Республикалық бюджетке түсетін кірістер 10,7 трлн. теңгеге жеткен. Салық түсімдерінің өсімі 1,3 трл теңге. Мемлекеттік 13 бағдарлама қаржыландырылып, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 19 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Үкімет басшысы биылғы бес айдың қорытындысына да тоқталды. Қазақстанның ЖІӨ 1,7% -ға кеміген. Карантин шаралары мен төтенше жағдай режиміне байланысты шектеулер салдарынан қызмет көрсету секторы 6,2% түсіп кеткен.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу