Коронавирус: әлемдегі ахуал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус: әлемдегі ахуал

22.06.2020
Коронавирус: әлемдегі ахуал

Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясының таралу деңгейі төмендеп жатыр. Еуроодақ мемлекеттері өзара шекараларын ашып, туристік маусымды бастауға дайын. Алайда «кәрі құрлықтағы» вирустың таралуын алғашқылардың бірі болып ауыздықтаған Германияда індеттің жаңа ошағы пайда болуы мүмкін.

Роберт Кох институныың мамандары көрсеткен мәліметтерге сәйкес, Германияда R көрсеткішінің деңгейі (бір науқастың бірнеше адамға жұқтыру коэффиценті) екі есеге көтеріліп, жексенбі күні 2,88 жетті.

Ал Испания елде 3 айға созылған төтенше жағдай режимін алып, туристер үшін шекараны ашып жатыр. Енді мұнда келген ЕО және Британия азаматтары 2 апталық карантинде болуы міндетті емес. Бірақ барлық адамдар қоғамдық орындарда карантин талаптарын қатаң сақтау керек.


ДДСҰ мәліметінше, пандемия Бразилия, Иран, Үндістан елдерінде «қызыл» деңгейде тұр. Бразилия денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індеттен мыңнан аса адам көз жұмғаны туралы хабарлауда. Жалпы мұнда COVID-19 инфекциясын 1 миллионнан астам адам жұқтырып, 50 мыңнан аса науқас қайтыс болған. Бразилия халқы ел президенті Жаир Болсонаруды індетті ауыздықтауға қатысты ешқандай шара қолданбағаны үшін айыптауда.


Ал Иранда вирустан көз жұмғандар саны күн санап артуда. Соңғы үш тәулікте 300-ге жуық адам індет құрбаны болды. Күн сайын 2 мыңнан астам жаңа дерек тіркелуде.

БҰҰ Ауғаныстанда шоғырланған «Талибан» қозғалысын елде коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін айыптауда. БҰҰ мәліметіне сүйенсек, 11 наурыз бен 23 мамыр аралығында аймақта 12 рет дәрігерлер мен медицина орталықтарына қысым көрсетілген.

BBC


Хабарламаларға жазылу