Үкімет әкімдіктерге ПТР- тест өткізетін қосымша зертханалар ашуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет әкімдіктерге ПТР- тест өткізетін қосымша зертханалар ашуды тапсырды

21.06.2020

Иә, тест тапсыруға ұзын-сонар кезек. Оның өзінде бірнеше күннен кейін ғана келетін кезекке алдын-ала жазылу. Нұр-Сұлтанда тіпті түн ауа барып жазылу басталғаны туралы айтылып жатыр. Үрейленіп, осы тексеріліп көрсем қайтеді деп жай күдіктенгендер емес, ауру белгілері кәдімгідей байқалғандар жазады. Тест қорытындысын сарыла күту бөлек әңгіме.

Сонымен үкімет қабылдайтын шаралар қандай дегенге келсек, Үкімет әкімдіктерге қосымша зертханалар ашу арқылы ПТР-тестілеудің ауқымын кеңейтуді тапсырды. Ауруханаларда орындардың санын көбейтіп, жедел жәрдемнің шақыртуларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету жүктеліп отыр, деген хабарлама таратылды. Кеше Нұр-Сұлтан әкімдігі ертеңнен бастап стационарларда қосымша 200 керует қойылатыны, әрбір емханада компьютерлік томографиядан өткізуге мүмкіндік жасалатыны, ол үшін соны жасайтын және өкпені жасанды желдету аппараттары сатып алынатынын хабарлады. Вирус бар және қауіпті дегенде, үйден шықпа, жұмыс істеме деген әңгіме емес. Барынша сақтану, қарапайым ережелерге қол сілтемеу, той-томалақ, бешір-жиынды қоя тұру.


Хабарламаларға жазылу