Тəңірім-ау, қандай ыстық еді мынау қар, не деген түпсіз де мөлдір аспан! Айналайын күнім, сенің нұрың шығар мені мұз үңгірден алып шыққан! Тəңірім-ай, қарағай мен самырсынның иісінен артық не бар екен жалғанда!.. Құдай-ау, тіршіліктің осыншалық ғажайыптығын, осыншалық сұлулығын қалай ғана көрмей келгенмін! Аспан! Күн! Орман! Адам! Бұл Оралхан Бөкейдің «Мұзтау» повесінен үзінді. Алтайдың кербұғысы атанған жазушы сипаттаған аймақ - жеріміздің жақұт жерлерінің бірі – Қатон-Қарағайдың тұмса табиғаты, шипалы емі туралы репортаж.
Берік КӨШЕРБАЙ