Биылдан бастап үш жыл ішінде таза сумен қамтуға 250 миллиард теңге бөлінеді. Былтыр күзде Президент былай деген: «Бұған дейін де көп қаражат бөлінген болатын, бірақ оның көбі құмға сіңген судай жоқ болып кетті. Ашығын айтсақ, шенеуніктердің қалтасына кетті, ал таза су, жол және басқа да инфрақұрылымның жағдайы әлі де сол күйінде».
Елді таза ауыз сумен қамтып, шоқалақ жолдарды жөндеуге миллиардтаған теңге бөлініп жататыны жайлы ақпар беріліп жатады, бірақ құрт-құмырсқа жүзіп жүретін лай су ішетін, ойқы-шойқы жолдардан шаршаған адамдар туралы репортажды да дүркін-дүркін жасаймыз деп едік, бүгінгі мысал Солтүстік Қазақстан облысынан. 635 елді мекеннің 200-ден астамы таза ауыз суға зәру.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ