Онлайн соттар қаншалықты әділ өтіп жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн соттар қаншалықты әділ өтіп жатыр?

21.06.2020

Соттар онлайн өтіп жатыр. Былтыр күніне бейне-байланыс арқылы 110 отырыс өтсе, биылғы наурыздан бері күніне 4500 процесс ұйымдастырылады. Иә, амал жоқ. Бұл жерде мәселе – бағдарламалық қамтамасыз ету нашар. Байланыс үзіліп кете береді. Zoom тәрізді танымал жүйелердің де қиындығы бар. Тегін түрі 40 минуттан соң тоқтап қалады. Куәгерлердің, құжаттардың рас сол екеніне орай сауалдар бар. Қорғаушылардың процесс кезінде қорғаушысымен ақылдасуы, стратегия құруы қиын.

Соттардағы бейне-конференция байланыс 2-3 адамды да қоса алмайды. Олардағы TrueConf деген бағдарламалық қамтамасыз ету жиі үзіліп кетеді, тоқтап қалады, дауыс дұрыс естілмейді,– деген Жоғарғы сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, адвокат Гүлнәр Сүлейменова.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу