Шымкентте «ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының» ашылуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының» ашылуы өтті

19.06.2020

Дербес мегаполис болғанына бүгін 2 жыл толған Шымкент қаласында «ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының» салтанатты ашылуы өтті. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты телевизиялық нұсқада ұйымдастырылған шарада қала әкімі шаһар тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Салтанатты шара «Шымкент-аңыздар қаласы», «Ұлы мұраның бастауы», «Ұлы Жібек жолы-Шығыс пен батыс арасында» сияқты сахналық концерттік қойылымдармен басталды. Шығармада елдің ұлттық және мәдени ерекшеліктерінің шығу тегі, тамыры туралы айтылады. Ұлы тарих пен аңыздардан тұратын қазақ даласы басты образға айналады. Сонымен қатар, қала күні мерекесі аясында жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде онлайн форматта көптеген танымдық, мәдени-сауықтық шаралар, поэзиялық сағаттар, фестиваль-байқаулар, көрмелер өтуде.

Хабарламаларға жазылу