Енді азаматтар сот орындаушысын таңдай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді азаматтар сот орындаушысын таңдай алады

19.06.2020

Даулы мәселеге тап болған азаматтардың сот орындаушысын таңдауына мүмкіндік берілді. Осы мақсатта арнайы рейтінг енгізіледі. Соған сәйкес, өндіріп алушы тарап, біліктілігі жоғары, мәселені тез шешуге қауқарлы жеке сот орындаушыларын онлайн түрде таңдай алады. Ал, рейтинг азаматтардың бағалауы негізінде қалыптасады. Мұның барлығы қордаланған проблемаларды жедел шешу үшін жасалып жатқан бастамалар. Айта кетейік, бұған дейін елімізде жеке сот орындаушыларының палатасы негізінде «Әлеуметтік қор» құрылды және заң шығарушы органмен бірлесіп жеке сот орындаушыларына қатысты құқықты мәселелер шешілген.  

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу