Солтүстік Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

19.06.2020

Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар жалған шот-фактура жасап қолма –қол ақшаға айналдырып отырған. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел алдын алу шарасы кезінде қылмыскерлерді 9 миллион теңгеден астам қаржымен қолға түсірді. Сондай ақ, тінту барысында қылмыстық топ бақылауындағы кәсіпорындарға тиесілі мөрлер, цифрлық қолтаңбасы бар флеш-карталар, бухгалтерлік құжаттар, банк карталары және 12 миллион теңге ақша табылды.  

Хабарламаларға жазылу