Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны қыркүйек айында адамдарға сынап көру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Оның сөзінше ғалымдар қазір вирусқа қарсы 5 түрлі вакцина әзірлеп жатыр. Екпелерге осыған дейін жасалған сынақтар да әзірге сәтті өтіп келеді. Мәселен, 15 мамырда кандидаттық вакцина тышқандарға егіліп, оның қауіпсіздігі мен иммуногендігі тексерілген.
Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов біздің ғалымдар коронавирусты анықтайтын ПТР-тестті де небәрі 6 күнде дайындап шыққанын айтты. Пандемияның басында әлемдік тест елімізге әлі келмей тұрғанда өзіміздің ғалымдар SARS-CoV 2-нің тірі штамынсыз, жасанды синтез арқылы жаңа вирустың бар-жоғын анықтайтын тест жасаған. Соның арқасында, індет тарай бастаған алғашқы күндері жалпы диагностика іске асырылған.
Амангелді СЕЙІТХАН