Бүгін Түркістан облысының құрылғанына - 2 жыл. Осыған орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірді өркендетуге үлес қосқан волонтер жастарға Елбасының алғыс хатын табыстады.
Бұл азаматтар Түркістанды түлетумен қатар, бірінен соң бірі келген төтенше жағдайлар кезінде халыққа мейлінше көмек көрсетті. Арыстағы апатта, Мақтаралдағы су тасқынында, сондай ақ жер-жаһанды қыспаққа алған қатерлі пандемия кезінде де аянбай тер төкті.
Гүлжазира Ғалиқызы