Биылғы 5 айда отандық машина жасау саласындағы өндіріс көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 18,5 пайызға артқан. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Қазір Қазақстанда ірілі-ұсақты 3 мыңға жуық кәсіпорын бар. Онда 65 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Биылғы экономикалық қиындыққа қарамастан, өндіріс 535 миллиард теңгені құраған.
Амангелді Сейітхан