Алматыдағы ауа сапасы көшелердегі LED-экраннан көрсетіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ауа сапасы көшелердегі LED-экраннан көрсетіле бастады

18.06.2020

Алматыдағы ауа сапасы көшелерге орнатылған лэд экрандарда көрсетіле бастады. Бүгіннен бастап шаһарда экологиялық ақпараттандыру жобасы іске қосылды. Қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Атмосфералық ауаның сапасын экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан датчиктердегі ақпаратты «Қазгидромет» жаңартып, өңдейді»,- деп жазды. Қоршаған ортаға қатысты мәліметтер 26 датчик арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Ақпараттар ауаның негізгі алты көрсеткішінен: күкірт және азот диоксиді, көміртегінің оксиді мен фенолдан тұрады. Деректер күніне үш рет жаңартылуы тиіс. Алдағы уақытта тағы 10 мониторингтік станцияны қосу жоспарланған.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу