Нұр-Сұлтан мен Алматыда «Олимп» зертханалары ПТР сынама алуды уақытша тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда «Олимп» зертханалары ПТР сынама алуды уақытша тоқтатты

18.06.2020

«Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ПТР сынама алуды уақытша тоқтатты. Себебі зертханаларда 22 маусымға дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бірақ оған қарамастан тұрғындар қажет болған жағдайда өзге медициналық мекемелерде сынама тапсыра алады. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаеваның айтуынша, елімізде қазір 400 мыңдай тест бар.

Ләззат Ақтаеваның айтуынша, стационарларда өкпені жасанды желдету аппараты да жеткілікті. Қажет болған жағдайда қосымша қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Дәрігерлер ауыр халдегі 322 науқастың бетін бері қаратты. Сондай-ақ министрдің денсаулығына қатысты да ақпарат берілді. Елжан Біртановтың жағдайы орташа ауыр. Хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу