Елімізде коронавирустан бір тәулікте 12 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирустан бір тәулікте 12 адам көз жұмды

18.06.2020

Бір тәулікте 12 адам көз жұмды. Осылайша, Covid-19 құрбандарының саны жүз адамға жетті. Қайтыс болғандардың 9-ы Нұр-Сұлтан, екеуі Алматы және біреуі Шымкент қаласының тұрғындары. Өткен тәулікте ел бойынша 335 адамнан індет табылған. Жалпы вирус жұқтырғандар саны 16 мыңға жуықтады. 10 мыңға тарта адам жазылып шыққан. Ауру белгілері жоқ 656 тасымалдаушы тіркеліп, симптомсыз науқастар саны 6 мың 800 ден асты.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу