Елімізде тағы бір iрi қаржылық пирамида әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тағы бір iрi қаржылық пирамида әшкере болды

18.06.2020
Елімізде тағы бір iрi қаржылық пирамида әшкере болды

Еліміздің 17 қаласында жұмыс істеген қаржылық пирамида әшкере болды. Оны Павлодардың экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері анықтады. Күдікті топ желілік тұтыну кооперативін ашып, тұрғындарға кез келген аймақтан жылжымайтын мүлікті бөліп төлеу арқылы сатып алуды ұсынған. Яғни, алғашқы жарна 180 мың теңгені есепшотқа салып, кейінгі 10 айда 50 мың теңге төлеп отырған адам бір жыл ішінде баспаналы болады деп кепіл берген. Жарнамасы аса тиімді көрінгендіктен, фирманың лицензиясы бар-жоғын сұрамай-ақ көпшілік қаржыны құйған.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу